Зейнеткердің атынан 1,6 миллион теңге несие рәсімдеген алаяқ әйел ұсталды
Зейнеткердің атынан 1,6 миллион теңге несие рәсімдеген алаяқ әйел ұсталды
Фото: azattyq-ruhy.kz
214
оқылды

Рolisia.kz-тің жазуынша, Қарағанды ​​облысы Осакаров ауданының полиция бөліміне 67 жастағы ауыл тұрғыны арызданған.

Зейнеткер атына 1 миллион 600 мың теңге несие рәсімделгеніне шағымданған. Ол банкке қарыз екенін несиені төлеу туралы талаптар түскенде бір-ақ білген. Полицейлер жедел іздестіру нәтижесінде, жәбірленушінің танысы, 40 жастағы әйелді ұстады. Күдікті қылмысын мойындады.

Қылмыстық кодекстің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша іс қозғалды. Тергеу жүргізіліп жатыр.