Алматыда тоғызыншы қабаттан балаларымен секіріп, мерт болған әйел өлер алдында хат жазып кеткен, – деп хабарлайды қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Алматы қалалық Полиция департаменті тергеудің осы кезеңінде үш баласымен 9-қабаттан секіріп кеткен әйелдің әрекетінің болжамды себебі анықталғанын хабарлады.
«Бұл отбасылық-тұрмыстық қарым-қатынас негізінде жұбайымен арада болған жанжал. Өлер алдында хат жазып қалдырған. Басқа мән-жайлар анықталуда. Іс ҚР ҚК-нің 105 бабына сәйкес тергелуде. Тергеу-жедел тобы құрылды» делінген хабарламада.
Бұған дейін 9-қабаттан 28 жастағы әйел 3 баласымен секіріп, көз жұмғанын жазған болатынбыз.