Шортандыдағы жарылыс: зардап шеккен бесінші адам көз жұмды
Шортандыдағы жарылыс: зардап шеккен бесінші адам көз жұмды
Фото: 24.kz
339
оқылды

Ақмола облысы Шортанды кентінде газ баллоны жарылып, апаттан зардап шеккен 10 жастағы қыз ауруханада қайтыс болды.

Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы хабарлады. «Шортандыда жарылыстан зардап шеккен 2011 жылы туған бала, кеше 22 қараша күні кешке көз жұмды. Қыз бала астанадағы ауруханаға өте ауыр жағдайда жеткізілген. Халі мүшкіл болғандықтан жансақтау бөлімшесіне жатқызылған еді. Дененің термиялық күйігі 60 пайыз, бала комада болды», – деді басқарма өкілі. Дәрігерлер тиісті ем жүргізсе де, жансақтау бөлімшесінде науқасты құтқара алмады.

Биыл 16 қараша күні Шортанды кентінде газ баллоны жарылып, сол күні 3 адам қаза тапты. Ауруханаға жеткізілген 12 жастағы ер бала 20 қарашада қайтыс болды.