Ахмет Байтұрсынұлы мен Роза Бағланованың мерейтойлары ЮНЕСКО көлемінде аталып өтіледі
Ахмет Байтұрсынұлы мен Роза Бағланованың мерейтойлары ЮНЕСКО көлемінде аталып өтіледі
956
оқылды
Бүгін ЮНЕСКО-ның 41-ші Бас конференциясының арнайы қарарымен 2022-2023 жылдарға арналған халықаралық мерейтойлар тізімі бекітілді. Оған Қазақстанның ұсынысымен тілтанушы, әдебиетші, Алаш арыстарының бірі Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығы және әнші, КСРО мен Қазақстанның халық әртісі, Роза Бағланованың 100 жылдығы енді. Бұл туралы СІМ ресми сайтында жарияланды. Осы жиынға қатысқан Қазақстанның Франциядағы Елшісі және ЮНЕСКО жанындағы Тұрақты өкілі Жан Ғалиев Бас конференцияға қатысушыларға Қазақстан тарапының ұсыныстарын қолдағаны үшін алғыс білдірді. Сондай-ақ, мүше мемлекеттерді және Ұйым хатшылығын аталған мерейтойлар аясында елімізде және шетелде жоспарланып отырған іс-шараларға қатысуға шақырды. Жалпы, 2022-2023 жылдарға арналған тізімге Ұйымға мүше мемлекеттер ұсынған 67 мерейтой кірді. Бұдан басқа, Бас конференция аясында жасырын дауыс беру нәтижелері бойынша Қазақстан 2021-2025 жылдар кезеңіне ЮНЕСКО-ның екі субсидиарлық органдарының, атап айтқанда, Халықаралық гидрологиялық бағдарламаның (ХГБ) және Коммуникацияны дамытудың халықаралық бағдарламасының (ХБҮК) үкіметаралық кеңестерінің құрамына сайланды.