Көлік жасау саласында 13 түрлі мамандық өзгереді
Көлік жасау саласында 13 түрлі мамандық өзгереді
Сурет: depositphotos.com
530
оқылды

Осы жылдың үш тоқсанында машина жасау саласының электр құрылғыларын жасап шығаратын жұмысшыларының саны – 2,1%, 7,1 мың адамға дейін азайды. Автомобильдер, тіркемелер және жартылай тіркемелер шығаратын жұмыскерлер саны, керісінше, бір жылда – 5,6%, 3,9 мың адамға дейін өсті, – деп хабарлайды Energyprom.kz сайты. 

Компьютерлер, электронды және оптикалық жабдықтар шығарумен 530 адам айналысады – бұл өткен жылмен салыстырғанда 6% көп. Машина жасау саласындағы ең жоғары атаулы жалақыны көлік құралдарын (автомобильдерден басқа) өндіру сегментінің жұмыскерлері алады: 293,9 мың теңге – өткен жылға қарағанда 24,5% артық. Компьютерлер, электрондық және оптикалық жабдықтар өндірісіндегі жұмысшылар – 274,4 мың теңге, электр жабдықтары – 229,1 мың теңге, автомобильдер, тіркемелер және жартылай тіркемелер – 249,7 мың теңге алады. Сарапшылар құрастырған ҚР жаңа кәсіптер атласына сәйкес 2020 жылы машина жасау саласында 3D-баспа материалтанушысы сияқты жаңа мамандық пайда болуы тиіс еді. Алайда әзірге еш жерде мұндай маманға сұраныс болмады. 2025 жылға қарай секторда теориялық тұрғыдан BIG DATA (өнеркәсіптік) талдаушылары, киберқауіпсіздік жөніндегі мамандар (өнеркәсіптік), кері жобалаудың инженер-конструкторлары (реверс-инженерлер), болжамды диагностика жөніндегі мамандар пайда болуы тиіс. 2030 жылға қарай өнеркәсіптік робототехника инженер-конструкторлары мен виртуалды прототиптеу мамандары пайда болады деп жоспарланып отыр. 2030-2035 жылдары радиофотоникалық құрылғыларды жобалаушы инженерлер мен нанофотоника және метаматериал мамандары пайда болады деп болжануда. Сарапшылардың пікірінше, тағы 13 мамандық өзгеруі тиіс. 2025 жылы слесарьлар мен жөндеушілерді модульдік жөндеу операторлары, сапаны бақылау техниктерін – 2.0 сапаны бақылау техниктері, дәнекерлеушілерді – дәнекерлеу жабдықтарының операторлары алмастыруы керек. Сонымен қатар, 2025 жылы атлас сарапшыларының болжамы бойынша, шот жүргізуші және есепші көмекшісі сияқты мамандық жоғалады. Машина жасауда бухгалтерлер көмекшілерсіз жұмыс істеуі керек. 2030 жылы нормалаушылар мен біліктілігі жоқ қойма жұмысшылары жоғалады, ал 2035 жылы – шеберханалар мен қоймалардағы жүргізушілер, түгендеу қызметкерлері, маркерлер және қойма есептегіштері.