Алматы облысында 4 жасар қыз балабақшада көз жұмды
Алматы облысында 4 жасар қыз балабақшада көз жұмды
391
оқылды
Төрт жасар бүлдіршін қыз абайсызда жұтып қойған моншаққа тұншығып көз жұмды. Оқиға туралы ақпарат алдымен әлеуметтік желілерде тарады. Аталған оқиғаға байланысты Алматы облысы ПД баспасөз қызметі түсініктеме берді.
«Сот-медициналық сараптама кезінде баланың тамағынан қатты пластик зат шыққаны анықталды. Қазіргі таңда аталған оқиға қатысты Қылмыстық кодекстің 141-бабы 2-бөлігі бойынша (Абайсызда кәмелетке толмаған баланың өліміне әкеп соққан балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамау) қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды», – деп мәлімдеді ПД баспасөз қызметі.