Доллар бағамы күрт көтеріліп, теңге тағы да құнсызданды
Доллар бағамы күрт көтеріліп, теңге тағы да құнсызданды
Фото: yandex.kz
218
оқылды

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, бүгін доллар бағамы күрт көтерілді.

Доллар бағамы кешегі күнмен салыстырғанда 2,43 теңгеге өсіп, орташа бағамы 433,56 теңгеге жетті. Ұлттық банктің бүгінгі ресми бағамы  – 1 доллар үшін 431,07 теңге. Бүгін Алматыда доллар 434,86 теңгеден сатылса, сатып алу 436, 80 теңге болды. Нұр-Сұлтанда доллар 434,98 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу құны – 436, 67 теңге. Бұған дейін «Жеті қазына» монетасы сатылымға шыққанын хабарлаған болатынбыз.