Қайғылы оқиға 28 қарашада сағат 12:30-да болған, деп хабарлады Otyrar.kz.
Түркістан облысы ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, құтқарушыларға куәгерлерден Келес ауданының Ұшқын ауылындағы тұрғын үйден 4 адам, соның ішінде бір баланың мәйіті табылғаны туралы хабарлама түскен.
ТЖ бөлімі қызметкерлері келген соң оқиға орнында 47 және 49 жастағы ағайынды ер адамдар көз жұмғаны белгілі болды. Әйел мен 3-4 жастағы баланың денесін адам танымады.
Өлімнің алдын-ала себебі — улы газдан улану. Үй иелері ескі пешті табиғи газға қостырған.
Бұған дейін 9-қабаттан 28 жастағы әйел 3 баласымен секіріп, көз жұмғанын жазған болатынбыз.