Әзербайжанда әскери тікұшақ апатқа ұшырап, 14 адам қаза тапты
Әзербайжанда әскери тікұшақ апатқа ұшырап, 14 адам қаза тапты
Фото: rbc.ru
242
оқылды

Әзербайжанда шекара қызметінің тікұшағы апатқа ұшырап, 14 адам қаза тапты, – деп хабарлайды 24.kz.

Дереккөздің хабарлауынша, тағы 2 әскери жарақат алды. Көз жұмғандардың ішінде жоғары шенді офицерлер бар. Апат Хызынск ауданындағы Гарахейбат полигонында оқу-жаттығу кезінде болған. Әзірге тікұшақтың апатқа ұшырауына не себеп болғаны белгісіз. Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін тергеу жүргізіліп жатыр.

Бұған дейін Қазақстанда апатқа ұшыраған әскери ұшақтар туралы жазған болатынбыз.