Оқиға 1 желтоқсан күні кешкі сағат 22:20-да Қабанбай батыр мен Гете көшесінің қиылысында болған.
«Land Rover көлігінің 29 жастағы жүргізушісі реттелмеген жаяу жүргіншілер жолағынан өтіп бара жатқан екі адамды қағып, қашып кетті. 20 жастағы жігіт оқиға орнында қаза тапты. Ал жарақат алған 16 жастағы қыз ауруханаға жеткізілді», – деді полицей.
Полицейлер күдіктіні ұстады. Қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-бөлігі және 347-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу басталды.