Полиция есірткі сақтады деген күдікпен Өскемен қаласының 42 жастағы тұрғынын ұстады. Ол оңай олжа табу үшін психотроптық заттарды таратқан.
ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиев: «Күдіктінің пәтерінен ұнтақ оралған 55 полимерлі пакет пен түйіншек, электронды таразы тәркіленді. Сараптама табылған ұнтақтың алынған зат салмағы 119,9395 г α-пирролидиналерофенон психотроптық заты екені анықтады», – деді.