1 желтоқсанда 18.00-ден кейін Құрлық әскерлері әскери институтының төртінші курсында білім алып жүрген 210 курсант оқу орнын өз бетінше тастап кеткен. Бұл оқиғаға қатысты Қорғаныс министрлігі пікір білдірді.
Ведомствоның хабарлауынша, бүгін сағат 09.00-де барлық курсанттар сабақтарына оралған.
"Институт бастығы генерал-майор Дулат Адырбеков курсанттардың институтты өз бетімен тастап кетуін кадрлық тағайындаумен келіспеуден, яғни факультет (курс) бастығының ауысуымен байланыстырды, сонымен қатар олар бұрынғы басшыны қайтаруды сұрайды деп түсіндірді" делінген хабарламада.
Курсанттардың ата-аналарына болған жағдай хабарланды.
Аталған факті бойынша Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-лейтенант Сұлтан Қамалетдиновтың басшылық етуімен Қорғаныс министрлігінің комиссиясы тергеу жүргізуде.