Тағы бір ел COVID -19 вакцинациясы туралы қазақстандық паспортты мойындады, -деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігі.
Бүгін онлайн-режимде Health Business Gathering форумы өтті, оның барысында ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Марат Шоранов пен Индонезия Республикасының Денсаулық сақтау министрі Буди Гунади Садикин COVID -19 вакцинациясы туралы сертификаттарды өзара тануға қатысты өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойды.
Құжат Қазақстан Үкіметі «Egov mobile» мобильдік қосымшасын пайдалана отырып берген COVID -19 коронавирустық инфекциясына қарсы вакцинация сертификаттарын және «PeduliLindungi» платформасын пайдалана отырып берілген COVID-19 коронавирустық инфекциясына қарсы вакцинация сертификаттарын тануды көздейді.
Іс-шара барысында вице-министр COVID -19 таралуына жол бермеу бөлігінде Қазақстан қабылдап жатқан шаралар мен құралдар туралы баяндады.
Осылайша, Денсаулық сақтау министрлігі соңғы жеті күнде 100 мың тұрғынға шаққандағы сырқаттанушылық деңгейіне және R ұдайы өндіру коэффициентіне негізделген болжамдар мен арнайы матрицаны пайдалана отырып, Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға тұрақты түрде бағалау жүргізеді. Матрицаның негізінде елдің нақты өңірлерінде шектеу шараларын күшейту немесе әлсірету туралы шешім қабылданады.
Басқа елдермен вакцинация паспорттарын өзара тану жұмыстары жалғасуда. Бүгінгі таңда қазақстандық вакцинация паспортын әлемнің 20 елі мойындайды: Аргентина Республикасы, Венгрия, Грузия, Иран Ислам Республикасы, Иордания, Қырғыз Республикасы, Мальдив Республикасы, Моңғолия, Армения Республикасы, Беларусь Республикасы, Молдова Республикасы, Перу Республикасы, Сан-Марино республикасы, Сербия Республикасы, Тунис Республикасы, Үндістан Республикасы, Филиппин Республикасы, Таиланд, Түркия Республикасы және Эстония Республикасы.
Бұдан басқа, Қазақстан вакциналарды әзірлеуші елдердің арасында болғандықтан жаһандық «ұжымдық иммунитетке» өз үлесін қосуда. QazVac отандық вакцинасын Қазақстанның биологиялық қауіпсіздігі ұлттық ғылыми-зерттеу институты әзірледі.
«Біз осы вакцинаны шығаратын зауыт құрылысының екінші кезеңін аяқтап, 2022 жылы жылына 60 миллион дозадан қуат аламыз деп үміттенеміз. Біз QazVac вакцинасының экспортын ұйымдастыруға дайынбыз», - деп түйіндеген вице-министр Индонезиялық әріптестерін QazVac вакцинасын бірлесіп шығаруға шақырды.
Өз кезегінде Индонезияның Денсаулық сақтау министрі Буди Гунади Садикин Қазақстанның COVID-19 пандемиясымен күрестегі күш-жігерін жоғары бағалады және ДСМ өкілдеріне Индонезия өз тарихында алғаш рет жиырма (G20) тобында ресми түрде төрағалық еткенін, пандемиядан кейін экономиканы қалпына келтіру, энергетикалық көшу және цифрлық трансформация мәселелеріне назар аударуға уәде берді.
Осыған байланысты Индонезия ДСМ басшысы Қазақстанды дамыған және дамушы мемлекеттер арасындағы коронавирусқа қарсы вакциналарды тарату ісіндегі алшақтықты азайтуға өз үлесін қосуға шақырды.