Тұрғындарды 50 млн теңгеге алдап кеткен алаяқ ұсталды
Тұрғындарды 50 млн теңгеге алдап кеткен алаяқ ұсталды
Фото: Sputnik.kz
283
оқылды
Қамауда отырған әйел тараздықтарды 50 миллион теңгеге алдап кеткен, – деп хабарлайды Polisia.kz. Тараз қаласының Полиция басқармасына 57 жастағы ер адам жүгінді. Оның айтуынша, 2021 жылдың маусым айында өзін әкімшілік қызметкері ретінде таныстырған әйел пәтер сатып алуға көмектесемін деп сеніміне кіріп, оның 1 850 000 теңгесін иемденіп кеткен. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері осыған ұқсас 11 қылмыс жасағаны үшін облыс орталығының тергеу изоляторында қамауда отырған 46 жастағы әйелді анықтады. Келтірілген залалдың жалпы көлемі шамамен 50 млн теңгені құрайды. Ұсталған әйел кінәсін толық мойындады. https://www.youtube.com/watch?v=Bcma7DLT9M4&feature=emb_title