Сондай-ақ Президент тапсырмасына сәйкес өңірдегі 2 156 баланы қамтитын мемлекеттік спорттық тапсырысты қаржыландыруды 2021 жылғы 212 млн теңгеден, келер жылы 638 млн теңгеге ұлғайту жоспарда бар екенін және осы арқылы 4 312 баланы бұқаралық спортқа тарту көзделгенін алға тартты. Ауыл спортын көтеруге атсалысып, жеке қаражаты есебінен нысан салып, мүдделестік танытқан кәсіпкерлерге алғысын білдірді.
Бұдан соң аймақ басшысы ауданға қарасты Жаңарық елді мекеніндегі мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында салынған ауылдық дәрігерлік амбулаторияның ашылу рәсіміне қатысты. Салтанатты шарада өңір басшысы ұлт денсаулығын нығайту мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі екенін, дәрігерлік амбулаторияның ашылуы ауыл тұрғындарына медициналық көмекті қолжетімді етуге мүмкіндік беретінін тілге тиек етті.
– Мемлекет басшысының өткен жылғы Жолдауында денсаулық сақтау ісінің тиімді моделін құру арқылы 3 жыл ішінде барлық ауылдық елді мекенді фельдшерлік-акушерлік пункттермен және дәрігерлік амбулаториялармен қамтамасыз ету қажет екенін айтты. Аймақтың барлық ауданында медициналық объектілер жаңадан салынып жатыр. Былтыр Жалағаш ауданында 100 төсектік заманауи орталық аурухананы пайдалануға берсек, осы жылы тамыз айында облыс орталығынан модульді жұқпалы аурулар ауруханасын пайдалануға бердік. Жыл соңына дейін Қазалы ауданынан 250 емделушіге арналған емхананы ел игілігіне табыстайтын боламыз. Міне, бүгін Жаңарық ауылындағы ауылдық дәрігерлік амбулаторияның ашылуының куәсі болып тұрмыз. Жаңа амбулаторияны мемлекеттік-жекешелік әріптестік негізінде «Ныш-Ер» құрылыс компаниясы қысқа мерзімде салып, сіздердің игіліктеріңізге пайдалануға беріп отыр. Жаңа нысан ауыл тұрғындарының дертіне шипа табатын орынға айналуына шын жүректен тілектеспін, – деді Гүлшара Әбдіқалықова.Қазір ауданда 3 дәрігерлік амбулатория салынып жатыр. Ал жаңа дәрігерлік амбулаторияда егу бөлмесі, дәрігерлерге дейінгі қабылдау және күндізгі жатын бөлмелері бар.
Қызылорда облысы