Полиция 16 жастағы екі жасөспірімді қағып кеткен Toyota Prado көлігінің иесін іздестіріп жатыр. Оқиға 4 желтоқсанда кешкі жеті шамасында болған, деп жазды "Мой город".
"Жол бойында келе жатқан екі жасты қағып кеткен көлік иесі соққыдан кейін көліктен шығып кетіп қалған. Алайда көлікте қалған әйел адам кінәні өз мойнына алып отыр. Куәгерлердің айтуынша, рөлде ер адам болған. Қазір ол іздестіріліп жатыр", - деп хабарлады полициядағылар.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, екі жасөспірімнің жағдайы ауыр. Олар бас-ми жарақатын алған. Біреуінің басына қатты зақым келген.