«Жасыл ел» – жастардың еңбегі
«Жасыл ел» – жастардың еңбегі
www.kaznaru.edu.kz
689
оқылды

 Нұр-Сұлтан қаласында «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының XVII еңбек маусымының салтанатты жабылу рәсімі өтті. Дәстүр бойынша маусымның жабылуында жылдың қорытындылары шығарылып, үздік сарбаздар мен аймақтық штабтар марапатталады.

Биыл «Жасыл ел» қатарында еліміздің 15 өңірінде 25 мыңнан астам сарбаз жұмыс істеді. Сарбаздар барлығы жалпы 5 508,8 гектар жерге 28 021 түрлі ағаш көшетін отырғызды. Маусымның жабылуы аясында кеңес төрағасы Әлия Назарбаеваның қатысуымен «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтары кеңесінің II отырысы өтті. Отырыста республикалық штаб басшысы Азамат Данияр, сондай-ақ өңірлік штаб басшылары мен ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, қоғам қайраткерлері мен экологиялық ұйымдар өкілдері қатарынан құрылған Кеңес мүшелері өткен маусымдағы жұмыс нәтижелерін атап өтті. Сондай-ақ Кеңес төрағасы Әлия Назарбаева өңірлік штабтардың үздік өкілдеріне алғысхаттар табыс етті.

«Біз үшін еңбек маусымының жабылуы – ең маңызды шаралардың бірі, себебі жабылуда біз жылды қорытындылап, ең үздік сарбаздарды, командирлер мен штабтарды марапаттаймыз. Мұндай құрмет атқарылған жұмысты әділ бағалаумен қатар келесі жылы штабтардың жаңа міндеттерді сапалы орындауына атсалысуға ынталандырады. Мысалы, биыл Ақтөбе облысының штабы ең үздік нәтиже көрсетті. Бұл өңірдің еңбек жасақтары «Жасыл елдің» толық атқарған жұмысына қосымша 7 орман тәлімбағында 2 миллионға жуық көшет отырғызды.

Сондай-ақ мысалы, штабтың жұмыс белсенділігі, жаңашылдыққа ашықтығы және жұмысқа орналастырылған сарбаздардың рекордтық санына байланысты берілетін «Жыл серпілісі» номинациясы бар.

"Бұл номинацияны биыл Шығыс Қазақстан облысы алды. Осылайша, әр түрлі көрсеткіштерге сүйене отырып, біз жыл сайын аймақтардағы жұмыс көрсеткіштерін жақсартуға және жан-жақты дамуға ынталандырамыз. Яғни, отырғызылған ағаштарға ғана емес, сарбаздардың ұйымшылдығына, бастамашылдығына, әлеуметтік желілердегі белсенділігіне және т.б. назар аударамыз", – деді «Жасыл ел» республикалық штабының жетекшісі Азамат Данияр.

Салтанатты жабылу рәсімінде жетістіктер көрсеткіштері бойынша конкурстық іріктеу нәтижесінде маусымның ең үздік штабтары мен ең белсенді сарбаздары марапатталды. «Үздік штаб» номинациясына Ақтөбе облысының еңбек жасағы ие болды. Жамбыл, Павлодар және Батыс Қазақстан облыстарының өкілдері Нұрлан Жиенбай, Илан Зинуллин, Айбек Ғазиз үздік сарбаздар атанды. Еңбек маусымының үздік командирлері ретінде Ақтөбе облысынан Құралай Бақыткереева және Солтүстік Қазақстан облысынан Максим Луценко танылды. Алматы облысындағы «Жасыл ел» штабының жетекшісі Мейіржан Молдағалиев «Úzdik jetekshi» номинациясымен марапатталды. Сондай - ақ, осы аймақтың штабына ең көп өткізілген іс-шаралар үшін «Úzdik jasaq» номинациясы берілді. «Jyl Serpini» және әлеуметтік желілердегі ең белсенді штабқа берілетін «Online-Shtab» номинацияларына Шығыс Қазақстан облысының өңірлік штабы ие болды.

«Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарында мен 16 жасымнан бастап қызмет етемін. Жұмысты еріктілер жасағынан бастадым, кейін экологиялық және еңбек жасақтарына ауыстым. Біздің өңірде 2021 жылы 2 мыңнан астам жауынгер жұмысқа қабылданды, бұл өткен жылмен салыстырғанда жақсы нәтиже. Біздің сарбаздар 3 мың гектардан астам жер жинады. «Жасыл елдегі» жұмыс мен үшін жаңа мүмкіндіктер ашады, мен әрдайым қызықты адамдармен танысамын. Мен үшін бұл өмірдің үлкен мектебі деп айтсам да болатын шығар»,- дейді Батыс Қазақстан облысының үздік жауынгері Айбек Ғазиз.

«Жасыл ел» жастар еңбек жасақтары – экологиялық жобалар мен мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру арқылы жастарды маусымдық жұмыспен, қалалар мен елді мекендерді көгалдандыру және абаттандырумен, жастарды патриоттық тәрбиелеумен айналысатын қозғалыс. Қозғалыс 2005 жылы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың бастамасымен құрылды. 2021 жылы 16 жыл ішінде алғаш рет «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының кеңесі құрылды, оны экологиялық ұйымдар қауымдастығы президиумының төрағасы Әлия Назарбаева басқарды. Кеңес құрамына ҚР Парламенті Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары, қоғам қайраткерлері, экологиялық және республикалық жастар ұйымдарының өкілдері кірді.