Шымкентте жігіт ғашығына 4 телефонды несиеге рәсімдеп, қашып кеткен
Шымкентте жігіт ғашығына 4 телефонды несиеге рәсімдеп, қашып кеткен
© riabir.ru
281
оқылды
Шымкентте жігіт ғашығына 4 телефонды несиеге рәсімдеп, қашып кеткен, – деп хабарлайды Polisia.kz. Шымкент қаласының Абай ауданы Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданған. Жәбірленуші қыздың айтуынша, жігіті сеніміне кіріп, оның атына төрт “Samsung-А32” маркалы ұялы телефонын несиеге рәсімдетіп алған. Арада уақыт өте келе жігіт ұялы телефонына жауап бермей, несиені төлемей, бой тасалаған. Келтірілген шығын көлемі 800 мың теңгені құрады. Полицейлер азаматтың жеке басын анықтап, ұстау шараларын жүргізді. Екі күннен кейін алаяқтық жасаған жігіт қала аумағында қолға түсті. Тергеу барысында ұсталған жігіт ұялы телефондарды өзінің бас пайдасы үшін сатып жібергені анықталды. Қазіргі таңда ол азаматқа қатысты ҚР ҚК-нің 190-бабы 2-бөлігімен (Алаяқтық) қылмыстық іс-қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Бұдан бөлек басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталып жатыр.