Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, теңгенің 1 долларға қатысты бағамы тағы да төмендеді.
Бүгін доллар бағамы 8 желтоқсан кешімен салыстырғанда 1,14 теңгеге құлдырады. 1 доллар 433,32 теңге болды.
Ұлттық банктің бүгінгі ресми бағамы – 1 доллар үшін 434,46 теңге.
Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 435,10 теңгеден сатылса, сатып алу – 436,72 теңге. Нұр-Сұлтан қаласында сату бағамы – 435,47 теңге, сатып алу құны – 436,58 теңге.