Өскеменде 7 жастағы баланы өгей әкесі соққыға жыққан. Полиция басқармасының мәліметінше, ауруханаға миы шайқалып, бет-аузы жараланған бала жеткізілді.
Полицейлер баланы анасының 42 жастағы азаматтық некедегі күйеуі ұрғанын анықтады.
«Отбасында кәмелет жасына толмаған 4 бала бар. Алайда, екеуі ресми түрде некеге тұрмаған. 6 желтоқсанда балалардың анасы жұмысқа кеткен. Жұмыс істемейтін ер адам үйде қалған. Кеш оралған әйел ұлының жарақатын көріп, учаскелік полицияға хабарласқан. Бала ауруханаға жеткізілді», – дейді полицейлер.
Тергеу барысында ер адам мас болғаны белгілі болды.
Қазіргі уақытта ер адамға қатысты ӘҚБтК-нің 73-бабына сәйкес, әкімшілік хаттама толтырылды.