Елбасының «Тәуелсіздік тағылымы» атты мақаласын мұқият оқып шығып, басты месседжін анық түсінесің – ең күрделі реформалардың табысы көшбасшы мен халықтың диалогіне, ағымдағы проблемалардың ар жағында болашақ перспективаларды көре білуге, жауапкершілікті толық өзіне алу және бәрі ойдағыдай болады деп үміттендіріп қана қоймай, әрдайым, кез келген жағдайда шындықты айту қабілетіне байланысты болады. Нұрсұлтан Әбішұлы қазақстандықтармен заманауи қазақстандық мемлекеттілікті құру мен нығайтудағы баға жетпес тәжірибесімен бөлісіп отыр. Автордың бірегей тәжірибесі мен шыңдалған қаламы біздің жалпы тарихымыздың динамикалық әрі қанық бейнесін көрсетеді. Тәуелсіздіктің 30 жылдығы – ұлы кезең, ел мен әрбір қазақстандықтың өміріндегі аса маңызды меже.
Жеке өзім үшін бұл мақаланы Елбасы «Nur Otan» партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында айтқан «Елдіктің жеті тұғыры» тезистері тұрғысынан қарау керек екеніне еш күмән жоқ. Елдің тәуелсіздігі көптеген ұрпақтың еңбегімен, ауыр шығындарды еңсеру, өз жолын табу бағасымен қамтамасыз етіліп, қол жеткізілген. Материалдың тақырыбы Н.Назарбаевтың «Тәуелсіздік дәуірі» атты іргелі еңбегінен алынған және бұл кездейсоқ емес. Дәл сол кезде жалпыұлттық Көшбасшы істі қолға алып, ерік-жігер таныту, біздің ойлауымыз бен өміріміздің өзін өзгерту қажет екенін атап көрсеткен болатын.
Елбасы әрқашан көкжиек шегінен әрі қарап, болашақ жайлы жаңа жеңістердің іргетасын дәл бүгін қалай отырып ойлайды. Табысқа жету кепілі – бейбітсүйгіш халықпен, қуатты экономикамен, тұрақты саяси жүйемен, жоғары халықаралық беделмен бірге тұрақты түрде алға басу.
Мұхтар ЕРМАН,
Мәжіліс депутаты