Жастардың мақаладан түйері көп
Жастардың мақаладан түйері көп
355
оқылды
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Тәуелсіздік тағылымы» атты көлемді мақаласында ата-бабаларымыздың, Алаш қайраткерлерінің азаттық жолындағы күрескерлігін баяндады. Тәуелсіздігіміздің оңайлықпен келмегенін, оның халқымыз үшін қаншалықты қастерлі екенін жазды. Егеменді ел болу жария­лы­лықпен, халықаралық өзге мемлекеттерге біз тәуелсіз ел болдық деп көкірегімізді соғумен ғана шектелмейтінін, керісінше азаттық бұл нағыз күрестің, еселі еңбектің, жүйелі сая­саттың және халықты қолдаудағы әлеуметтік жұмыстардың жиынтығы екенін атап өтті. Баршаңызға мәлім, биыл – Тә­уел­сіз ел атанғанымызға – 30 жыл. Осы уақыт аралығында Тұң­ғыш Президентіміз өзіне жарнама жа­сап, арнайы халықаралық арена­да жеке тұлғалық қасиеттерін көр­сету үшін ешқашан арнайы жұмыс істеген емес. Америкалық киноре­жиссер, «Оскар» сыйлығының үш дүркін иегері Оливер Стоун «Qazaq. Алтын адам тарихы» атты фильмінде де Елбасының ел басқарған тұста қандай тәуекелге барғанын, көптеген жауапкершілікті іске асырудағы қайсарлығын анық көрсетіп берген. Біз мұны тәуелсіздік жолындағы ұлт Көшбасшысының ерен еңбегінің бағалануы деп түсінеміз. Қорыта айтқанда, Елбасының «Тәуелсіздік тағылымы» атты  мақа­ласының халқымыз үшін маңызы өте зор. Онда тәуелсіздігімізді қалай ал­ғанымыз, өскелең ұрпаққа оны сақтап қалудың жолы ретінде көрсетілген арнайы дәйектер, құнды мағлұматтар жазылған. Ел болашағы жастардың да аталған мақаладан алары, түйері көп. Біз осы егемен­дігімізді бағалай білуіміз керек. Ендігі кезекте елдікті сақтау, тәуел­сіздігімізді тұғырлы ету келешек ұрпақтың басты міндеттерінің бірі болып қала бермек.

Елнұр БЕЙСЕНБАЕВ, Мәжіліс депутаты