WhatsApp арқылы енді криптовалюта аударуға болады
WhatsApp арқылы енді криптовалюта аударуға болады
Сурет: © РИА Новости / Рамиль Ситдиков
162
оқылды

Төлем сервисінің басшысы Стефан Касриель өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында мессенджердің Novi төлем сервисімен келісімшарт жасасқанын мәлімдеді, - деп хабарлайды naryk.kz сайты. 

Алайда әзірге бұл қызметті тек АҚШ-тағы шектеулі қолданушылар ғана пайдалана алады. Novi – Meta корпорациясының цифрлық әмияны. Бір жыл бұрын пайдала болған. Цифрлық әмиян Paxos компаниясы шығарған АҚШ долларымен кепілдендірілген Pax Dollar (USDP) стейблкойнмен жұмыс істейді. Әмиян сайтының хабарлауынша, төлемдер кез келген WhatsApp аудырмдары секілді жұмыс істейді. Криптовалюта аудару мен қабылдауға ешқандай комиссия жоқ. Сонымен қатар аударым саны мен оны кәдімгі ақшаға айналдырып шығарып алуға да шектеу жоқ. Алдағы уақытта бұл қызмет өзге елдердің де қолданушыларына қолжетімді болмақ.