Шымкент қаласында Орталық саябақта қоғам қайраткері, ғалым-этнограф Өзбекәлі Жәнібековтің мүсіні орнатылды. Мүсіннің ашылу салтанатына қала әкімі Мұрат Әйтенов, қоғам қайраткерінің қызы Жұлдыз Өзбекәлі және тағы басқа да зиялы қауым өкілдері қатысты, – деп хабарлайды otyrar.kz.
Әкім ғалым-этнограф Өзбекәлі Жәнібековтің еңбегін айта келе, оған құрмет көрсету ұрпаққа парыз екеніне тоқталды.
Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов: «Халқымыздың төл дүниетанымы, ұлттық салт-дәстүрдің терең білгірі, еліміздің мәдениетіне өлшеусіз үлес қосқан ірі мемлекет қайраткері, ғалым-этнограф Өзбекәлі Жәнібеков ел тарихында ойып тұрып орын алған еңбегі ерен бірегей тұлға. Баршаңызды мәдени кеңістігіміз бен осынау қуанышпен шын жүректен құттықтаймын!», – деді.
Сәулетті мүсін Өзбекәлі Жәнібековтің 90 жылдық мерейтойына орай ашылып отыр. Іс-шара барысында ғалымның өмірінен сыр шертетін деректі фильмнің тұсауы кесілді.