41 жастағы Қарағанды тұрғыны «көріпкел әйел» дегені ер адам болып шыққан алаяққа 12 миллион теңге беріп, алданып қалды.Polisia.kz мәліметінше, 41 жастағы қала тұрғыны әлеуметтік желіден "тегін көріпкел" хабарламасына көзі түсіп, хат жазған.
Хат алмасу барысында белгісіз адам жәбірленушінің сеніміне кіріп, түрлі сылтаулармен оны алдайды. Осылайша, өтініш беруші онлайн-аударымдар арқылы шам мен салттық керек-жарақтарды сатып алуға жалпы сомасы 12 млн 266 мың теңге аударған. Бірақ тапсырыстар еш орындалмаған.
Алданғанын білген ол полицияға арызданған. Криминалдық полиция қызметкерлері «көріпкелді» ұстады. «Көріпкелдік қасиеті бар әйел» 23 жастағы жас жігіт болып шықты. Ол кінәсін толық мойындады. Заттай дәлелдемелер алынды.