Сергей Терещенко
[caption id="attachment_175488" align="aligncenter" width="1200"]
1991-1994 жылдары Қазақстанның бірінші премьер-министрі болды.
Биыл Baitassov Live YouTube-арнасына берген сұхбатында 10 жылдан бері омарташылықпен айналысып жүргенін айтқан. 2010 жылы наурызда Қазақстан омарташыларының ұлттық одағын құрған. Сергей Терещенконың айтуынша, елдегі бал өндірісін 15 есе арттырған.
"Қазақстандықтар жыл сайын 450-500 мың тонна қант жейді. Бұл қалыпты жағдайдан екі есеге көп. Сол үшін бал нарығын ашып, дамытайық, оны экспортқа шығарайық деп үкіметке айтып жүрмін. Мүмкіндік берілсе, 100 мың жұмыс орнын ашамын, ешкімнен ақша сұрамаймын. Тіпті, қажет болса, астананың айналасына 20-30 бал конвейерін отырғызсақ, Нұр-Сұлтанды бал астанасына айналдыруға болады", – дейді Қазақстанның бұрынғы премьер-министрі.Сергей Терещенко жаңғақ бағын ашқан. Сонымен бірге шетелдік кафенің франшизасын сатып алып, екі кафе ашқан. Қазір оны қыздары басқарады екен.
"Кішігірім екі кафені жүргізіп жатырмыз. Кофені өзіміз алып келіп, қуырамыз. Осы бизнес үшін немерем мейрамхана ісі мамандығын оқып жатыр", – деді ол. Сергей Терещенко су электр стансасын тұрғызып жатқанын да айтты. Алматы әкімдігіне экологиялық таза қала құру туралы ұсыныс тастаған.Қадыр Бәйкенов
[caption id="attachment_175487" align="aligncenter" width="869"]
Төлеутай Сүлейменов
[caption id="attachment_175449" align="aligncenter" width="1200"]
Ғалым Әбілсейітов
[caption id="attachment_175465" align="aligncenter" width="1200"]
"Мәскеулік достарым бұрыннан жұмыс істеп тұрған бизнес-жобасына қатысуға шақырған. Қарсылық білдіре алмадым. Қазіргі жұмысым отбасымды және өзімді қамтамасыз етуге және Отаныма оралғаннан кейінгі өміріме қажетті қор жиып алуға мүмкіндік береді", – деді Adyrna.kz-ке берген сұхбатында.Сонымен бірге Ғалым Әбілсейітов қазір Қазақстанның тарихы туралы кітап жазып жатқанын айтқан.
"Мені «сыртта жүрсіз, туған жеріңізден жырақ жүрсіз», «тек сырттай ғана бақылап жүрсіз» деп қайта-қайта айттыңыз. Сенсеңіз, ұйықтарда туған елімді ойлап жатамын, туған жерімді ойлап оянамын. Қазір Қазақстанның тарихы жайлы материалдарды жазуға кірістім. Алла сәтін салса, жеке кітап болып шығып та қалар", – деді ол.
Шамиль Бекбулатов
[caption id="attachment_175481" align="aligncenter" width="1200"]
85 жастағы Шамиль Бекбулатов қазір ҚР Ұлттық инженерлік академиясының академигі. Академияның сайтында оның «HotelBerkana» ЖШС директоры екені жазылған. Қазір Алматыдағы қонақүйді қызы Найля Бекбулатова басқарады.
Сонымен бірге Шамиль Бекбулатов Қазақстан құрылысшылар қауымдастығының атқару комитеті мүшелерінің қатарында тұр.
Нығметжан Есенғарин
[caption id="attachment_175592" align="aligncenter" width="1200"]
Бірғаным Әйтімова
[caption id="attachment_175615" align="aligncenter" width="1200"]
