Әлішер Утев: «5:32» сериалы шынайы оқиғалар негізінде түсірілген
Әлішер Утев: «5:32» сериалы шынайы оқиғалар негізінде түсірілген
© коллаж: Елдар Қаба
704
оқылды
Адам етінен жасалған бә­ліш. Қыздарды зорлап, денесін өртеп жіберетін мүсәпір кейіптегі қаcкөйлер. Жолында кезіккеннің жанын жаһан­намға жіберетін адамже­­­­­гіш­тер. Мұның бәрі бір кездері қа­зақ қоғамын дүр сілкіндірген шынайы қылмыс­тық оқи­ға­лар. Бұрынғы «КВН-щик», қа­зіргі режиссер, сценарист Әлі­шер Утев сол жайттарды экранға әкелді. Неге «5:32» се­риалы көрерменнің сұра­ны­сына ие болды? Елде YouTube сериалдар «дәуірі» бас­талды ма? Бұл сұрақтарды сериал авторына қойдық.

Өзіме ұнаса, өзгеге де ұнайды

– Қазақстанда кейінгі кезде уеб-cериал көбейіп келеді. YouTube се­риалдардың сұранысқа ие болуына не себеп? – Менің ойымша, YouTube-та жа­сандылық жоқ. Бірақ кез кел­ген сериал сұранысқа ие емес. You­Tube-тың да сүзгісі бар, кө­рер­мен кө­зайы­мына айналып жат­­­­қандары санаулы. – Уеб-cериалдардың қаржы­лан­­­­дыру көзі қандай? Оны түсіруге кім мүдделі? – Көбі өз қаражатына түсіреді. Мен Salem Social Media тап­сыры­сы­­мен түсіремін. Медиа ком­па­ния­ға идея ұсынасың. Олар тың­дап көріп, «иә» немесе «жоқ» дей­ді. Бірақ мен көбіне телесериал түсіргім келеді. Себебі уеб-се­риал­дардың сапасы нашар болады. Бірақ «5:32», «Сержан братан» туын­дыларын уеб-сериал емес, те­лесериал деп айта аламын. – Интернет аудиторияның сұ­ра­нысына ие болатын тақырыпты қа­лай табасыз? Қазіргі көрермен не­ні көргісі келеді? – Мен сценарий жазарда, идея іздеген кезде «көрерменді не қы­зық­тырады?» деп арнайы сарапта­ма жасап отырмаймын. Кинотеатрлардан көрсетіле ме, әлде You­Tube-та тарай ма, әуелі өзіме ұнауы керек. – Сіз түсірген сериалдардың кейіп­керлері рэкетир, нашақор, қа­нішерлер. Бір-біріне ұқсамайтын та­қырыптар. Кейіпкерді, сериалға ар­қау болар тақырыпты қалай таң­дайсыз? – Осы тақырыптарға айтарым бар. Арнайы рэкет, маньяктар мә­селелері сияқты «хайповый» та­қырыптарды іздемеймін. «Сержан братан» сериалын түсірер алдын 100 адамның 99 пайызы «рэкет тақырыбы қызық емес, оны түсірсең, ешкім қарамайды» деп қарсы пікірін білдірді. «5:32» сериалын түсіретін кезде де «тақырыбы ауыр», «түсіру қиын, адамдар қарамайды» деп айтқан­дар көп болды. Бірақ мен ешкімді тыңдамаймын, бағытым бөлек. Өзіме не ұнайды, түйсігім қалай дейді, соны түсіремін.

50 пайызы Ресейдің ақылы контентін көреді

– Шетелдерде стриминг қызмет көбейді. Мәселен, Premier, Netflix. Голливудтың танымал актерлері Netflix сериалдарына түсе бастады. Бұрын ол мүмкін емес көрінетін. Осы стриминг қызмет, ақылы арна бізге де келе ме? Біздің көрермен отандық сериалдарды көру үшін ақша төлеуге дайын ба? – Иә, әрине. 2-3 жылда Ресей­дің стриминг платформалары елімізді жаулайды. Менің ойымша, халықтың 50 пайызы Ресейдің ақылы жобаларын ақша төлеп көретін болады. Тағы 5 жылда қазақтар Еуропа, АҚШ-тың стриминг платформаларында жұмыс істейтін деңгейге жетіп қалады. – Отандық телесериалдардан театр актерлерін жиі байқаймыз. Алайда жасандылық байқалып тұрады. Театр образдарын теле­арна­ға алып келеді. Ал YouTube се­риалдарда шынайылық сезіледі. Шынайы актерлерді қалай табасыз және YouTube сериалдарды анайы сөз, эпизодтарсыз көрерменге жеткізу мүмкін бе? – Негізі, YouTube сериал­дардың бәрінде актерлер рөлін шынайы сомдап шығады деп айта алмаймын. Жасандылық болады. Менің ойымша, актердің образды ашуы режиссер мен сценарийге байланысты. Өйткені «5:32», «Сер­жан братан» сериалдарын­дағы актерлер басқа да сериал­дарға түскен ғой. Тура сондай камера­лар, сол операторлар, тү­сірілім алаңы да бір. Бірақ ол сериалдардың қаралымы көп бол­ған жоқ. Сондықтан жасанды актер болмайды, шикі сценарий мен біліксіз режиссер болады. – Қазақ қоғамына жат, жабық тақырыптарды көтерген дұрыс па? Мәселен, «Эскорт» сериалында Шымкенттен Алматыға көшіп келіп, отбасынан жасырын түрде эскорт қызметімен айналысып жүрген қыздың өмірі суреттеледі. Қоғамда бар нәрсені көрсетеміз деп, жасырын дүниелерді насихаттап жатқан жоқпыз ба? – Иә, мұндай мәселелерді қоғам талқылау қажет. Бірақ сценарий мен режиссер мықты болса ғана, кино түсіруге болады. Бұрыс жағын көрсетіп, «олай істеуге болмайды» деген ой тастаса, құба-құп. – Сериалдағы оқиғалар ойдан шығарылған деп жатыр. Кейбір қылмыстар шынайы фактілерге негізделген секілді. Мәселен, Тал­ды­қорғандағы қанішер, 5-серия­дағы университеттегі қыздарды зорлаған қаскөй де 1992 жылы бол­ған Алматыдағы оқиғаға ұқсай­ды. Сериал шынайы оқиғалар ізімен түсірілді ме? – «5:32» сериалы шынайы оқи­ғалар негізінде түсірілген. Яғни, елімізде 90-жылдарда адам етін жейтін қаскөйлердің болғаны рас. Бірақ қалғаны ойдан шы­ғарылған. – Өртенген адам, бөлшектелген дене мүшелерді көрсетуде қандай қиындықтар болды? – Түсіру қиын болғаны рас. Себебі Ресей киноиндустриясында көп қолданыла бермейтін қым­бат гримдер қолданылды. Екін­шіден, қанды оқиғаларды, жанып кеткен мәйітті шынайы жеткізу үшін түсірілім тобы шебер болуы керек. Сериалды көрген адамға үрей тудырғанмен, түсі­рілім барысы көңілді өтті. Кино­туынды­ның түсіріліміне 1,5 жыл уақыт кетті. Режиссер, продюсер, сценарист ретінде айтарым, Қазақ­станға жаңа жанрларды алып келудегі мақсатым бола­шақта «Оскар» сыйлығын аламыз деп ойлаймын. Біздің қолымыз жетпей жатса, бізден кейінгі ұр­пақ алады. – Әңгімеңізге рақмет!