Nur Otan ардагерлері мен белсенділері мемлекеттік және партиялық наградалармен марапатталды
Nur Otan ардагерлері мен белсенділері мемлекеттік және партиялық наградалармен марапатталды
334
оқылды

Елордада Тәуелсіздік күні қарсаңында еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі және белсенді қоғамдық қызметі үшін «Nur Otan» партиясының ардагерлері мен белсенділері мемлекеттік және партиялық наградалармен марапатталды.

Партия баспасөз қызметінің мәліметінше, еліміз бойынша партия мүшелері 960 мемлекеттік және партиялық марапаттарға ие болса, оның 85%-ы өңірлерде. Олардың арасында партия ардагерлері, «Біз біргеміз» акциясының волонтерлері, қоғамдық кеңестердің, сайлауалды штабтардың мүшелері, праймериз қатысушылары және т.б. бар. «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған партияның Павлодар облыстық филиалының Партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Олег Костенконың айтуынша, мұндай жоғары марапат алдағы уақытта да аянбай жұмыс істеу үшін айтарлықтай ынталандырады. Олег Костенко «2019 жылы Елбасы жариялаған партияны «қайта жандандыруды» қолға алған алғашқы күннен бастап Партиялық бақылау комиссиясы өз жұмыс форматын жетілдіруде. Соның негізінде азаматтардың өтініштеріне жедел әрі ашық түрде ден қойып, Жол карталарының орындалу барысына тұрақты мониторинг жүргізіліп келеді. Барша қазақстандықтарды келе жатқан мерекемен құттықтаймын. Тәуелсіздігімізді одан әрі нығайту үшін бәріміз жұмыла еңбек етейік», - деді Олег Костенко. «Nur Otan» жанындағы Отбасы, әйелдер және балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі республикалық қоғамдық кеңестің мүшесі Рысты Жұмабекова Тәуелсіздікті баянды етуге әрбір азамат жан-жақты атсалысуы тиіс екендігін атап өтті. Nur Otan

«Партияның ардагері, І шақырылымдағы Мәжіліс депутаты ретінде мен еліміз үшін күрделі кезеңдерде маңызды заңдарды қабылдауға қатыстым. Сол кезеңде мұндай қарбаластарға төтеп беру мүмкін еместей болып көрінетін. 30 жыл өткен соң, қазіргі жасыма қарамастан, әлі де елге пайдамды тигізгім келеді. Алдымызда атқарар істер жетерлік. Еліміздің әрбір азаматы осы мақсат жолында әрдайым жалындап тұрғанын қалаймын», – деп өз ойымен бөлісті Рысты Жұмабекова.

«Белсенді қызметі үшін» партиялық наградаға ие болған Қазақстан азаматтық альянсының басшысы Бану Нұрғазиева «Nur Otan» партиясы жанынан қоғамдық кеңестер құрғаны үшін партия басшылығына алғыс айтты. Nur Otan «Мен партия жанындағы екі қоғамдық кеңеске мүшемін. Бүгінде Үкіметтік емес ұйымдар өкілдері азаматтық секторды жетілдіру бойынша ұсыныстар беріп отырады. Оларды партия ұдайы ескеруде. Бұл партиялықтардың Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев айтқан «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын нақты жүзеге асыруының айқын көрінісі», – деді Бану Нұрғазиева.  width=  width= Nur Otan