Шығыс Қазақстанда саршұнақ аяз қарып тұр. Бүгін өңірдегі бірқатар мектептерде сабақ тоқтатылды.
Риддер қаласы (0-9 сынып), Ұлан (0-4 сынып), Көкпекті (0-4 сынып), Глубокое аудандарында (0-4 сынып) аяз 29, Алтайда (0-4 сынып) 30 градусқа жетіп, бірінші ауысымда оқитын оқушылар сабақтан босатылды. Ал Күршімде градус бағанасы -33-ті көрсетіп, Төсқайың, Шанағаты, Ақжайлау, Ұранқай, Үшбұлақ ауылдарының 9-сыныпқа дейінгі оқушылары үйде қалуға мәжбүр болды. Катонқарағайда аяз тіпті 36 градусқа жеткен, Ақсу, Барлық, Поляковка мектептерінің 0-11 сынып оқушылары сабаққа бармады.А.Әбіл, Шығыс Қазақстан облысы