Синоптиктердің сөзінше, солтүстік-батыс циклонның әсерінен еліміздің батысында, солтүстік-батысында, солтүстігінде және шығысында жауын-шашын жауып, арты қарға ұласуы мүмкін.
Ал республикамыздың басым бөлігінде жел күшейіп, айналаны тұман басады. Атап айтсақ, Ақмола облысының солтүстігінде, оңтүстік-шығысында жел 15-20 м/с күшейсе, Солтүстік Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде тұман басып, қатты жел тұрмақ. Сол сияқты Павлодар облысының солтүстігі мен батысында да, Қостанай облысының солтүстігінде де, Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында да дәл осындай жағдай күтілуде.
Қарағанды облысының солтүстігі мен шығысында, Алматы облысының Алакөл ауданында, Жамбыл облысының таулы аудандарында күндіз күн ашық болса, түнде жел қарқыны күшейе түспек.