Алматы облысында жол жабылды
Алматы облысында жол жабылды
Фото: tgl.ru
343
оқылды

Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, республикалық маңызы бар автожолдағы қозғалыс көліктің барлық түрі үшін шектелді.

"17 желтоқсан күні сағат 11:00-де ауа райының қолайсыздығына байланысты (қатты боран, жол көріну нашарлығы) республикалық маңызы бар Үшарал – Достық автожолында (84-184 км, Көктұма ауылы – Достық ауылы) барлық автокөлік түрлері үшін қозғалысқа тыйым салынды", – деп хабарлады ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі.
Облыстың төтенше жағдайлар департаменті азаматтардан осы бағытта жол жүруден бас тартып, 112 қызметінің SMS-хабарламаларын ескеруді сұрады.