Қазақстандық спортшылар Бейжіңде өтетін қысқы Олимпиада ойындарына 60 лицензия жеңіп алды.
ҚР Мәдениет министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің хабарлауынша, спортшылар жеті спорт түрінен жолдамалар алды.
«Соңғы лицензиялық жарыс 2022 жылы қаңтарда өтеді, ал квота мен лицензияны бөлу 2022 жылдың 16 қаңтарында аяқталады. Осыдан кейін Қысқы Олимпиада ойындарына қатысу үшін ҚР делегациясы жасақталады» делінген ведомство хабарламасында.