Тағы бір шахтада қауіп төніп тұр
Тағы бір шахтада қауіп төніп тұр
515
оқылды
Қарағанды облысындағы «Абай» шахтасында жарылыс болып, адамдар жапа шеккені ел есінде. Енді облыстағы тағы бір кен орнында шикілік шықты. Күзембаев атындағы шахтада кеншілер өміріне қауіп төндірген құрылғының жұмысына сот тыйым салды. Ауданаралық экономикалық соттың үкімі әзірге заңды күшіне енген жоқ. Шағымды Өнеркәсіп­тік қауіпсіздік департаменті өкілдері түсірген. Заңбұзу­шылықтар тізімінде 8 тармақ бар, бірақ металлургиялық комбинат тек екі  олқылықты жойған. Комбинат өкілдері «жүк көтергіш машинаны жөндеуге бірнеше ай қажет» деп отыр. Өнеркәсіп қауіпсіздік департаменті өкілдері шахталардағы жабдықтардың тозығы жеткенін, тіпті қолдануға қауіпті құрылғы­лардың бар екенін айтады. – Аталмыш өндірісте жұмыс­шылар жарақат алу ықтималы жоғары еді. Апатты жағдай туындап, желдету талаптары бұзылуы  мүмкін болған. Өйткені қазба орнының жағдайы талапқа сай емес. Өткен жылы тексеріс жүргізгенбіз.  Мұндай  олқылық болмаған. Яғни, бір жыл ішінде жағдай қиындағанын көріп отырмыз. Біз жылына бір рет тексереміз. Тағылған сегіз бірдей ескерт­пенің тек екеуі ғана ескерілген, – дейді Өнеркәсіптік қауіпсіздік депар­таментінің бөлім басшысы Виктор Маркарян.

  М.ХАҚНАЗАР