Түркістан облысында із-түзсіз жоғалған 8-сынып оқушысы өлі күйінде табылды
Түркістан облысында із-түзсіз жоғалған 8-сынып оқушысы өлі күйінде табылды
© ТО ПД
297
оқылды
Түркістан облысының полицейлері жоғалған баланың денесін өз үйінің ауласындағы кәрізден тапты, – деп хабарлайды облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі. Ордабасы ауданының полиция бөліміне Шұбарсу ауылының тұрғыны арызданған. Оның айтуынша, 18 желтоқсанда кәмелетке толмаған ұлы, 8-сынып оқушысы жоғалып кеткен. Бала үйінен белгісіз жаққа шығып кетіп, оралмаған.
"Жедел іздестіру шаралары барысында полицейлер өз үйінің ауласындағы кәрізден 14 жастағы жасөспірімнің мәйітін тапты. Болжам бойынша жасөспірім абайсызда кәрізге құлап, қаза болған. Сараптамалар тағайындалды", – деді полиция өкілдері.
Бұған дейін Шымкентте 5-қабаттан секіріп кеткен 11-сынып оқушысы ауруханада көз жұмғанын жазған болатынбыз.