Шымкенттегі Полиция департаментінде көз жұмған қостанайлық Нұрболат Жұмабаевты ұстаған сәттің бейнежазбасы жарияланды. Бұл туралы AstanaTV хабарлады.
Қоғамдық резонанс тудырған оқиғаға қатысты видеоны журналист Михаил Козачков Telegram арнасында бөліскен.
Ол бейнебақылау камерасына жазылған екі таспа жариялаған. Оның біріншісі дәмхана сыртында түсірілген. Дәмхана алдында Нұрболат Жұмабаевтың телефонмен сөйлесіп жүргені таспаға түскен. Кенеттен оған арнайы жасақ қызметкерлері тап беріп, жерге жатқызып, қолын қайырып, тепкілегені анық көрінеді.
https://youtu.be/ES2rqptZTHg
Екінші видеода жайбарақат тамақтанып отырған оның досы Сергей Петровты арнайы жасақ дәмхана ішінде ұстағаны жазылып қалған. Күдіктілер полицияға еш қарсыласпағаны көрінеді.
Бұған дейін Шымкенттегі Полиция департаментінің ғимаратында тергеуге жеткізілген 31 жастағы Нұрболат Жұмабаевтың қайтыс болғанын хабарлаған болатынбыз.