Тоқаев жаңа жылдан бастап ревакцинациядан өтеді
Тоқаев жаңа жылдан бастап ревакцинациядан өтеді
Сурет: ult.kz
251
оқылды

Берік Уәли әлеуметтік желіде Мемлекет басшысының ревакцинациядан қашан өтетіні туралы жазды.

Менің атыма президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың COVID-19-дан қайта вакцинациялануына қатысты көптеген сауалдар келіп түсуде, – деп жазды ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли.
Дәрігерлердің ұсыныстарына сәйкес Мемлекет басшысы келесі жылдың қаңтарында қайта вакцинациядан өтуді жоспарлап отыр. Президент біздің халқымыз үшін қолжетімді вакциналардың бірін пайдаланады.