Мереке күндері ауа райы қандай болады?
Мереке күндері ауа райы қандай болады?
Фото: 4archive.org
316
оқылды

«Қазгидрометтің» мәліметінше, мереке күндері, яғни 30 желтоқсан мен 1 қаңтар аралығында антициклон әсерінен ауа райы құбылмалы болады.

Қара теңізден соққан антициклон Қазақстандағы ауа райына әсер етеді. Осыған байланысты еліміздің солтүстік-батыс, солтүстік, орталық пен шығысында күн райы ашық болып, 35 градусқа дейін аяз түседі. 30 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысында қар жауады, түнде солтүстік-шығыста боран соғады. 31 желтоқсанда еліміздің батысында, 1 қаңтарда оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында жауын-шашын жауады. Республика бойынша тұман түседі. Жел екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді.

Оңтүстік-шығыс пен шығыста желдің екпіні 23-28 м/с дейін, Алматы облысының Алакөл ауданында 30 м/с дейін жетеді.