«Ескі жыл есірке, жаңа жыл жарылқа» дегендей келе жатқан жаңа жылдан жақсылық күтетініміз анық. Сондықтан 2022 жыл – барыс жылында кімдер табысқа кенелетінін, кімдердің байи түсетініне жорамал жасадық.
Негізі әр жылдың өзіне тән мінезі, ерекшелігі болатыны анық. Мысалы, келер жыл сиыр жылы секілді салмақты да сабырлы болмайтыны анық. Бірақ 2022 жыл су барысының үстемдігіне қарай, аяқасты өзгерістер, әп-сәтте жағдай басқа бағытта өзгеріп шыға келуі мүvкін. Сондықтан бұл жыл түрлі тосын сыйға толы. Содан болар көп адамның өмірі өзгеріске түседі. Аяқасты басқа қалаға көшуі, жұмыс ауыстыруы да ықтимал. Жалпы, барыс жылында артқа шегінерге жол жоқ. Не жеңімпаз атанасыз, не жеңіліске ұшырайсыз. Ал қай жолды таңдайсыз, ол сіздің шешіміңіз», – дейді астролог Гүлмира Махметова. Оның айтуынша, 2022 жылы жеңіске жетудің бір ғана жолы – тез әрекет етіп, көз жұма тәуекелге бару және ессіз батылдық қажет. Себебі барыс әр нәрсеге күмәнмен қарап, артына қорқа қарайлауды ұнатпайтын жан. Барыс жылында енжар, ынжық, өз-өзіне сенімсіз жандардың жолы болмайды. Жалпы жылдың басы мен соңғы айы, желтоқсанда – қандай да бір жаңа бастаманы көтерудің қажеті жоқ. Өйткені алғашқы үш айда қандай бастаманың да арты сәтсіздікке ұласады. Сол үшін сабырлық сақтап, аз уақыт күте тұрғаныңыз дұрыс. Керісінше, батыл адамдардың барлық мақсат-арманы орындалады. Әсіресе, жұмыс барысында қызметі өсіп, жаңа лауазымға келуі мүмкін. 2022 жыл тоқты үшін өзін-өзі рухани байытып, біліктілігін көтеретін кезең. Сондықтан Тоқтылар өзіңізге керек емес дүниеден құтылғаныңыз абзал. Аяқталмаған істеріңіз болса, соңына жеткізіп, бітіргеніңіз жөн. Барыс жылының бірінші жартысында Тоқтылар жоспар құрып, соның ыңғайын дайындаған дұрыс. Сол үшін күмәнді жиып, жаңа бастамаларды 2023 жылы қорықпай қолға алуға болады. 2022 жылы Торпақтың жаны еркіндікті, бостандықты қалайтын кез. Содан болар Торпақтың басым көпшілігі барыс жылында фрилансерлік жұмысқа шыға бастайды. Тұрақты жұмысынан кетсе де, дос-жарандары көбейіп, өзіне пікірлес әрі жанына жақын адамдарды табады. Алайда көптен бері аңсап жүрген арманыңыздың орындалуын қаласаңыз, батылдық танытып, алған бетіңізден қайтпаңыз. Ерік-жігеріңізді жоғалтпаңыз. Егіздердің осы жылғы мақсаты – кәсіби біліктілігін арттыру. Сол себепті қызметте көтерілуі мүмкін. Егер жұмыс бабында ойластырып жүрген жобаларыңыз болса, жүзеге асырсаңыз, нәтижесін ұзақ күттірмейді. Шаяндар шарықтауға дайын болсын. Бар потенциалыңызды жүзеге асыруға болатын уақыт келді. Шабыт пен шығармашылық бойыңызды билеп, бұл көңіл күй өз ісіңізді табуға немесе мансап баспалдағымен көтерілуге көмектеседі. Саяхаттап, жолға шығуыңыз да мүмкін. Сондықтан өміріңіздің әр сәтінен ләззат ала біліңіз. Барыс жылы Арыстандар үшін эмоцияға толы болады. Ұзақ уақыт бойы кездесіп жүрген адамыңызбен қарым-қатынасыңыз реттелеліп, бір жақты шешімге келесіз. Жылдың алғашқы жартысында өзіңізді өзгертуге мән беріп, диетаға отыруға ең қолайлы ай. Бастысы бұ жылы қаржыдан қысылмайсыз. Бикештерге қарым-қатынас үшін маңызды ай. Бірі – екінші жартысын тапса, енді бірі – серіктес тауып жаңа бастамалар бастауы мүмкін. Әйтеуір, осы жылы басы бос жандардың көбісі отбасылы болуы мүмкін. Таразылар сақ болсын, себебі ай бойы жұмыста қателік жіберуге үлкен қауіп төніп тұр. Сондай-ақ бұл белгі иелеріне сынды жылы қабылдауға кеңес беріледі. Адамның барлығы сізге жау емес. Осы кезеңде денсаулығыңызды күтіп, ем-дом қабылдаған абзал. 2022 жылы Сарышаяндар үшін табысты жыл. Бұған дейін іске асыра алмаған жобаларын жүзеге асырады. Ең алдымен, қаржы жағынан, сондай-ақ махаббатта да жолы болады. Тіпті, кейбірі ана атануы мүмкін. Маманның айтуынша, барыс жылы Мергендер үшін де сәтті жыл. 2022 жылы олар 2021 жылы жасаған еңбектің жемісін көреді. Мол табыс әкелетін іске ақша салу, жылжымайтын мүлік сатып алуға қолайлы уақыт. Эмоцияға толы жыл болғандықтан Мергендер тым сезімтал да болуы мүмкін. Тауешкілер үшін барыс жылы қағазбастылыққа, жұмыстың көптігін көрсетеді. Бірақ барлық мәселе оңынан шешіліп, табысқа кенелтеді. Осы кезең ізденіске, білімді ұштастыруға қолайлы уақыт.
Осы жолы Суқұйғыштарда табыс табу, әсіресе, ақша мәселесі бірінші орынға шығады. Сондықтан олар барыс жылында жанын салып жұмыс істейді. Жалақы да жап-жақсы көтерілуі мүмкін. Бірақ денсаулықты да ұмытпаған жөн. Уақытылы тамақтанып, дәрумендер ішкеніңіз абзал.
Барыс жылының басты кейіпкері – Балықтар. Сол себепті сәттілік сіздің жағыңызда. Не нәрсені қолыңызға алсаңыз да бәрі сәтімен шешіледі. Жеке өмір мен жұмыстың арасында үндестік табуға тырысыңыз.