Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Шығыс Қазақстан облысы Алтай қаласында көшеде Аяз атаның соңынан жүгірген оқушыны арнайы құттықтап, хат жолдады.
"Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Алтай қаласының көшесінде Аяз атаның соңынан жүгірген Шығыс Қазақстан облысының оқушысын құттықтады. Әлеуметтік желіде тараған видеоның кейіпкері Шығыс Қазақстан облысы Алтай қаласындағы №6 орта мектептің үшінші сынып оқушысы Дмитрий Головен болып шықты.
Асхат Аймағамбетов мектеп оқушысына хат жолдады. Онда ол Дмитрийдің жыл бойы мұқият оқып, тек төрт пен бес деген баға алғанын атап өтті. Үшінші сынып оқушысының Аяз атамен кездесуі өтті. Министр оқушыға әрдайым батыл болып, ата-анасы мен мұғалімдерді қуантуды, сондай-ақ алға қойған мақсатына жетуді тіледі. Жаңа жылдың құрметіне орай Асхат Аймағамбетов мектеп оқушысына кітап сыйлады және алдағы демалыс кезінде мүмкіндігінше көп кітап оқуға кеңес берді", – деп жазылған ШҚО Білім басқармасының әлеуметтік желідегі парақшасында.
Сондай-ақ бала министрдің атынан басқа да сыйлықтар алды.