2022 жылдың 1 қаңтарына қараған түні елордада 16 сәби дүниеге келді, деп хабарлайды елордалық әкімдіктің ресми сайты қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап.
Жаңа жылдың бірінші күнінде көпбейінді қалалық ауруханалардың акушерлік блоктарында 6 қыз және 10 ұл бала дүниеге келді.
Орта есеппен тәулік ішінде 80-90 баланың дүниеге келуі күтіледі.
Сондай-ақ астанада 125 жедел жәрдем бригадасы Жаңа жылда кезекшілік атқарды.