Қызылорда облысында жаппай төбелес болды
Қызылорда облысында жаппай төбелес болды
Сурет: gov.kz
581
оқылды

Қызылорда облысындағы жаппай төбелестің видеосы тарады. Видеодан жігіттердің қолдарына таяқ алып, бір-біріне тас лақтырғанын көруге болады, - деп хабарлады Elorda.info.

Қазалы аудандық полиция бөлімінде 1 қаңтарда Қызылорда облысы Қазалы ауданында болған бұзақылық дерегі сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде тіркелгені хабарланды.
"Полиция бөліміне шағым, өтініш түскен жоқ. Сондай-ақ, аудандық ауруханаға ешкім медициналық көмек сұрап жүгінген жоқ", - деді ведомство өкілі.
Бұл іске қатысты Қылмыстық кодекстің 293-бабы (Бұзақылық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
"Оқиға орнынан полиция қызметкерлері полиция бөліміне 8 азаматты жеткізді. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр", - деп мәлімдеді аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері.