Маңғыстаудағы газ бағасын арнайы комиссия реттейді
Маңғыстаудағы газ бағасын арнайы комиссия реттейді
©sputnik.kz
298
оқылды

Шетелдерде сұйық отынның бағасы күннен-күнге өсуде. Ал Маңғыстауда газ бағасы осы күйінде қала ма, әлде төмендеуі мүмкін бе, әлі белгісіз. Газ бағасы әзірге 85-90 теңге болмақ. Бірақ газ құны одан да түсуін Президенттің тапсырмасымен құрылған арнайы комиссия шешеді.

Өңірдің әлеуметтік-экономикалық ахуалын қарау жөніндегі комиссияны Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов басқарады. Ал оның құрамында Энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев, Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Серік Жұманғарин бар. Мәселе Ақтаудың өз басында шешілмек. Әзірге жанармай құю стансалары бағаны 85-90 теңге көлемінде бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында ұстап тұрмақ. Алайда бұған дейін Энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев Жаңаөзен халқының сұйытылған газ бағасын 50-60 теңге түсіру туралы талабын орындай алмайтынын мәлімдеген болатын.