Павлодардан астанаға 23 литр донорлық қан жіберілді. Себебі, астанадағы ауруханалар І топ қанын сұратқан, – деп хабарлады Рavlodarnews.kz.
Павлодарда донорлардың көмегімен 23 литр қан жиналып, астанаға жөнелтілген. Павлодар облыстық Қан орталығы хабарландыру жасап, тұрақты донорларға шақыру жіберген. Алғаш рет қан тапсыратындар тексеруден өтеді және олардың тапсырылған қанын бірден қолдануға болмайды.
«Павлодар облыстық Қан орталығында қан жеткілікті. Біз қанды барлығынан ала бермейміз. Донорлардың контингенті әртүрлі – біреуінде гепатит бар, екіншісінде басқа сырқаттар бар. Дені сау адам ғана донор болып, қан тапсыра алады», – деді облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Айдар Сейітқазинов.