Astana LRT құрылысы әуел бастан қате жоба еді – Тоқаев
Astana LRT құрылысы әуел бастан қате жоба еді – Тоқаев
Фото: newtimes.kz
632
оқылды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мәжіліс отырысында астанада салынып бітпеген Astana LRT құрылысы туралы  айтты.

«Тұрғындардың ашуына тиетін проблеманың бірі – астанадағы ЛРТ құрылысы. Инфрақұрылымдық жобадан елдің абырой-беделіне нұқсан келтіретін күрделі проблемаға айналды. Қыруар қаражат жұмсалса да, нәтиже шықпады. Бұл жоба әуел бастан-ақ үлкен қателік болды. Қателікті мойындау керек. Сыбайлас жемқорлықтан көз ашпаған жоба», – деді Тоқаев.

Енді оны бұзу да тиімсіз. Сондықтан отандық және шетелдік сәулетшілер мен урбанистерді шақырып, жобаны егжей-тегжейлі нақтылау керек.