Astana LRT ісі: шетелге қашқандарды Интерпол іздеп жатыр ма?
Astana LRT ісі: шетелге қашқандарды Интерпол іздеп жатыр ма?
Фото: newsroom.kz
218
оқылды

Брифингте тілші агенттік басшысына «Мәжілісте депутаттар шетелге қашып кеткен Astana LRT ісі бойынша басты күдіктілер астана әкімінің бұрынғы орынбасары Қанат Сұлтанбеков пен Astana LRT бұрынғы басшысы Талғат Арданның халықаралық іздеуде екеніне күмән келтірген болатын. Сондай-ақ, биыл БАҚ-та олардың Интерполдың іздеу тізімінде жоқ екені туралы хабар тарады. Олар халықаралық іздеуде ме?» деген сауал қойды.

«Олар халықаралық іздеуде, яғни Интерполдың бақылауында. Шетелде ұсталған азаматтарды Қазақстанға қайтару – әр елмен жеке талқыланатын мәселе. Сіз айтқан кісілер интерполдың іздеу тізімінде бар», – деді Марат Ахметжанов.

Бұған дейін Мәжіліс депутаты Мақсат Раманқұлов Astana LRT қаражатын жымқырып, шетелге қашып кеткендер туралы «Ешкім іздеп жатқан жоқ» деген еді.