Алматы қалалық комендатурасы тәртіпсіздік кезінде қару-жарақ дүкенінен ұрланған қару-жарақтың бір бөлігінің табылғанын хабарлады.
Оны Алматы облысының 18 жастағы тұрғыны жасырған екен. Қаруды жасырған жігітті Алматы қаласы Наурызбай ауданының полиция қызметкерлері құрықтады. Ол тергеу кезінде қару сататын дүкендерді тонауға қатысқанын мойындады.
Полиция өкілдері мылтықтардың карьерлердегі жасырын орында сақталғанын анықтаған. Мамандар бұл қарулардың қаладағы тәртіпсіздіктер кезіндегі басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғын анықтаумен айналысып жатыр.