«Қазгидромет» РМК 13-15 қаңтарға арналған ауа райы болжамын жариялады.
Синоптиктердің болжамынша, биылғы қыс жылы болады. Синоптикалық процестер тез өзгеріп, бірде аяз, бірде жылу әкелуде. Қазірдің өзінде антициклонның ықпалымен күн аздап ызғарланғанымен, оның да беті қайта бастады. Ал батыстан циклон тез қозғалуда. Ол еліміз арқылы жылжып, 15 қаңтар күні Қазақстанның барлық облыстарын қамтиды. Аталмыш циклон өзімен бірге жаңбыр мен қар, екпінді жел мен көктайғақ ала келеді. Ал термометр бағаны тез көтеріледі, тіпті солтүстік аймақтарда күндізгі уақытта 0-5 градус аяз болады деп күтілуде.