Алматы облысында коменданттық сағат уақыты өзгерді
Алматы облысында коменданттық сағат уақыты өзгерді
256
оқылды
Алматы облысы Полиция департаментінің басшысы Серік Күдебаев бүгіннен бастап өңірдегі коменданттық сағат уақыты өзгеретінін айтты. 
Облыстағы жағдайдың жақсаруына байланысты, бүгіннен яғни 12 қаңтар сағат 20:00-ден бастап азаматтардың қозғалысына қойылған шектеулер алынады. Бірақ төтенше жағдай режиміндегі Мемлекет басшысының жарлығымен бекітілген коменданттық сағат 23:00-ден таңғы сағат 07:00-ге дейін шектеулер сақталады. Осыған орай барлық тұрғындардан қала және облыс аумағында жүру кезінде жеке куәлігіңізді алып жүруді және төтенше жағдай талаптарын қатаң сақтауды сұраймын. Мүмкіндігінше үйден шықпауға шақырамыз", – дейді Серік Күдебаев.