Алматының бас санитария дәрігері тағайындалды
Алматының бас санитария дәрігері тағайындалды
265
оқылды
Қарлығаш Әбдіжаббарова Алматы қаласының жаңа бас санитария дәрігері болып тағайындалды. Бұл туралы ақпарат қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің сайтында жарияланды.
«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау вице-министрі – Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің бұйрығымен 2022 жылдың 12 қаңтарынан бастап департамент басшысының міндетін атқарушы Қарлығаш Қожаназарқызы Әбдіжаббарова жаңадан Алматы қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері айқындалғанға дейін Алматы қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері болып тағайындалды» делінген хабарламада.
Бұған дейін Жандарбек Бекшин зейнетке шығуына байланысты қызметінен кететіні туралы жазған болатынбыз.