Алматыда лаңкестікке қарсы операция басталғалы бері заңсыз әрекеттерге, тонаушылыққа және басқа да қылмыстарға қатысқан 2402 адам ұсталды, деп хабарлайды қала комендатурасы.
Барлығы 79 атыс қаруы мен 3976 оқ-дәрі тәркіленді. Өткен тәулікте “102” пультіне 586 хабарлама түскен.
Комендатураның Call-орталығына жедел ден қоюды талап ететін 93 дабыл түскен.
Айта кетейік, өңірдегі жағдайдың тұрақталуына байланысты бүгін Ақмола және Қостанай облысы төтенше жағдай режимінен шықты.